Қаза болған үш ағайынды жігіттің жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Жерлеу рәсіміне жақын ағайын туыстардан бөлек аудан мен қала тұрғындары келіп жатты.

«Құрметті бауырлар, әпке-қарындастар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сіздерге көңіл айтады. Бұл бәріне ортақ қайғы. Қаза болған бауырларымызды соңғы сапарға шығарып салу – бәріміздің міндетіміз. Сабыр етіңіздер», – деді Сарыбаев.

«Қылмыскерлер ұсталды. Оларды жазалауды мемлекет пен құқық қорғау органдары шешеді. Екі азамат ұсталды. Өз басым олардың суреттерін де көрдім. Тергеу бір ғана күнге созылмайды. Мүмкін бір ай не одан да көп болар», – деді Еркін Бейсекеұлы.

Жерлеу рәсіміне “Нұр Отан” партиясы облыстың филиалының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Рустам Алпысбаев, Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ, ардагерлер кеңесінің өкілдері т.б. келді.


Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.  Өлтірілген ағайындыларды өлім алдында айуандықпен қинағанын хабарлаған едік.

Loading...