Қаза тапқан кеншілердің жесірлері "Миттал Стил Теміртауды" сотқа берді

"Әйелдер моральдық шығынның қайтарылуын талап етеді және оны 7 млн. теңгеге (әрқайсысы) бағалап отыр", - деді адвокат.

Е. Танковтың сөзіне сүйенсек, әзірге 17 жесір ғана шағым жазған, "бірақ, олардың саны әлі де көбеюі мүмкін". Сонымен қатар, адвокат шағым-талаптардың екі топқа бөлінетінін айтып өтті. "Біреуі 15 жесірден, ал екіншісі екі жесірдің арыздарынан тұрады, яғни Қыздарбекова мен Кныш. Олар өз күйеулерін екі рет жерлеуге мәжбүр болды", - деді құқық қорғаушы.

"Сотта істің келесі жылдың қаңтар айынан бастап қаралатындығы айтылды", - деді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 20 қыркүйегінде Ленин атындағы шахтадағы жарылыс салдарынан 41 кенші қаза болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті