"Жүзеге асырылып жатқан агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ынталандыру бағдарламалары аясында холдинг компанияларының бір тобы Астананы айнала азық-түлік белдеуін құру жөніндегі мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыруда. 20 мамырға дейін "ҚазАгроҚаржы" мен Аграрлық несиелік корпорацияға Ақмола және Қарағанды облыстарынан 41 өтініш келіп түскен. Жалпы құны 6,5 млрд теңге көлеміндегі 34 өтініш мақұлданды", - деді А. Смайылов.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, мақұлданғандардың қатарында 16 өтініш бидай өсіруге, 7 өтініш ет пен сүт өндіруге, 2 мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыруға және тағы бір өтініш елорданың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін дәнді-дақылдарды өңдеуге келіп түскен.
"Қазіргі уақытта осындай жобалардың санын арттыру жүргізіліп жатыр. Ол жобаның Астанадан 200 - 300 шақырымды қамтуы есебімен де, әкімдіктермен жасалатын жұмысты барынша жандандыру есебінен де болуы мүмкін.
Өз кезегінде Қазақстан Республиканың ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Астана маңындағы өндірушілерді қаржыландыру, несиелеу, өндірушілерді қолдау аталмыш жобаның мақсаты бөлек екенін еске салды. "Біз жылдам өсіп келе жатқан мегаполисті жоғары сапалы, экологиялық таза өніммен арзан бағамен тұрақты қамтамасыз ететін азық-түлік шеңбері жүйесін қалыптастыруымыз қажет", - деп атап көрсетті ол.
"Астана маңында экологиялық таза жерлер бар. Біз бұл мәселені шешу үстіндеміз. Егер 300 шақырымға дейінгі радиуста ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге келер болсақ, онда арзан бағаға ие боламыз. Себебі, жол шығындары өзге облыстардан, оның ішінде, оңтүстік облыстардан әкелінетін өнімдерге қарағанда аз болады", - деп сөзін жалғастырды ауылшаруашылығы министрі. "Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге Астанаға нақты қай ауыл шаруашылық өнімі керек деген мәселеге жауап іздеп, соған бағыттауымыз керек. Азық-түлік шеңберін құру жобасымен бірге жылыжай кешендерін, суармалы жер ұйымдастыру мәселелері де бірге қарастырылуы керек. Сондықтан мен сізден тікелей өзіңіздің қадағалауға алуыңызды өтінемін", - деді А. Күрішбаев "ҚазАгро" басшысына.