"ҚазАгро" "Астық қоймалары" ЖШС активтерін бәсекелі ортаға бермейді

"ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ компанияның даму жоспарында балансында бес бірдей астық қабылдау орны бар және "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын "Астық қоймалары" ЖШС активтерін сату ниетінің жоқ екенін мәлімдейді, деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл ретте әлемдегі азық-түлік нарығындағы қазіргі жағдайды ескере отырып, "ҚазАгро" Ұлттық компаниясы" АҚ мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар ішкі азық-түлік нарығын реттеу және тұрақтандыру қызметін орындауға қажетті активтерді сақтап және көбейтуге ерекше назар аударады деп көрсетілген.