"Қазагро" басқармасының құрамы өзгерді

Холдингтің директорлар кеңесіне басқарманың жаңа мүшелері болып басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, холдингтің басқарушы директорлары Батыр Әлімжанов және Бақыт Құдасбаева сайланды.

Қ.Айтуғанов 2011 жылдың мамыр айына дейін "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны басқарды.
2011 жылдың сәуір айынан бастап "ҚазАгро" холдингі басқармасына Берік Бейсенғалиев төрағалық етеді.