"ҚазАгро" холдингі арнайы ауыл шаруашылық банкін құруды ұсынып отыр

"Қазіргі уақытта холдингтің 4 еншілес қоғамы агросектордың әртүрлі салаларында несиелік операцияларды жүзеге асыруда. Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жанындағы жұмыс тобы және атақты халықаралық "Делойт" компаниясы жүргізген осы компаниялар қызметінің сараптамасы арнайы ауыл шаруашылық банкін құру қажеттігін көрсетіп отыр", - деп мәлімдеді Ә. Смаилов.

Оның пайымдауынша, оны құрудың алғышарттары ауыл шаруашылық саласының өзіндік ерекшеліктері. Мысалы, несиені төлеу кестесіне әсер ететін өндіріс маусымы болып табылады. Ал оны екінші деңгейдегі банктер ескере бермейді".

"Арнайы банкті Аграрлық несие корпорациясының қазіргі ауылдық несие серіктестіктерінің желісі негізінде құрып, кейіннен өзге де еншілес қоғамдардың ауыл шаруашылық қызметтерін қосуға болады", - деді холдинг басшысы.