Биылғы жылы «ҚазАгро» бюджеттік несие есебінен алғаш рет екінші деңгей банктері арқылы көктемгі егіс жұмыстары қаржыландыра бастайды. Несиелік ресурстардың жаңа көзі «Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес ауыл тұрғындары үшін қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейту мақсатында іске қосылған.
Ұлттық холдинг көктемгі науқанға бөлген қаражат 6,1 млн га жерге қажетті агротехникалық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде холдинг компаниялары республиканың оңтүстігінде және еліміздің негізгі дән егуші аймақтарында егіс жұмыстарын белсенді түрде қаржыландыруда. «Аграрлық несие корпорациясына» 6,5 млрд теңгеге 300-ден астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1,7 млрд теңгеге 75 өтініш несиелендірілді. Биылғы жылы бағдарлама аясында республиканың агросекторына барлығы 13 млрд теңге ақша бөлінбек.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» диқандарға көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға жалпы 17,6 млрд теңге бөледі, оның ішінде 3,6 млрд теңге көктемгі-жазғы кезеңге мемлекеттік ресурстарға сатып алулар жүргізуге бағытталады.
«Ауылшаруашылығын қаржылық қолдау қоры» өз қаражаты есебінеен «Егінжай» бағдарламасы бойынша диқандарды қаржыландырады. Мұнымен қоса, компания шағын несие ұйымдарының несиелеу бағдарламасы шеңберінде мақта өсірушілерlі әрі қарай несиелеу үшін 2,1 млрд теңге бюджет несиесі есебінен қаржыландыру жүргізеді.