Қазан айынан бастап автокөліктерге арналған VIP-нөмірлер ресми түрде сатыла бастайды

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов мәлім етті.

«Заң бойынша Салық кодексіне, атап айтқанда, сұраныс жоғары VIP-нөмірлерге жоғары салық белгілеу туралы түзетулер енгізілді», - деді ол сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Мәселен, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлерін алғысы келетіндер 253 мың 724 теңге (1 АЕК-тің 13 мың 700%) төлейді.

Ал, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сынды VIP-нөмірлер үшін 422 мың 256 теңге (1 АЕК-тің 22 мың 800%).


Оның айтуынша, Салық кодексіне енгізілген түзетулер алты айдан кейін, шамамен қазан айында күшіне енеді.