Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Транстелеком» АҚ Бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталығының бастығы Людмила Ким мәлімдеді.
Оның айтуынша, қыркүйектің аяғына дейін бұл мәселе толығымен шешіледі.
«Бұл қызмет ұялы байланыс операторлары үшін ақылы болады. Ал абоненттер үшін бұл қызметтің бағасы қазір анықталу үстінде. Қалай болғанда енді «105» нөміріне ұялы телефон арқылы ешқандай кодсыз хабарласуға болады», - деді Л. Ким.
Сонымен қатар, орталық бастығы тұрғындар үшін жаңа қызметтерің қолға алынып жатқандығын жеткізді.
«Биылғы жылдың аяғына дейін «105» қызметі әуе тасымалы мен автовокзалдар бойынша да ақпараттар бере бастайды. Ал 2015 жылдың орта кезінен бастап, темір жол билеттерін броньдау бойынша да қызмет көрсете бастаймыз» - деді Л. Ким.
Айта кетелік, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, жұмыс істей бастаған «105» анықтамалық қызметі, қазіргі таңда қала аралық және халықаралық жолаушы пойыздарының жүру кестесі, пойызда жүру ережесі, билет бағалары мен бос орындар жайлы ақпарат таратумен айналысады. «105» нөміріне Қазақстанның түкпір-түкпірінен ешқандай қосымша кодсыз тегін хабарласуға болады.