Қазан айының басынан бері Шымкентте долана жемісінен улануға қатысты 9 оқиға тіркелді

Улану салдарынан токсикологиялық бөлімшеге жатқызылғандардың арасында ересектер де, балалар да бар. Ең жас науқас 1,5 жаста .

К.Матаевтың айтуына қарағанда, долананы аяз түскенге дейін жеуге болмайды, өйткені оған дейін жеміс құрамында алколоиды бар токсиндер бөлінеді. Мамандар күздің басынан бері улану белгілері туралы әңгімелеп, тұрғындар арасында арнайы жұмыстар жүргізуде. Дәрігерлердің айтуынша, улы долананы жеген жағдайда адамның құсқысы келіп, іші өтіп, асқазаны ауырады.