Қазан қаласында бильярдтан Татарстан Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир өтіп жатыр

Оған Ресейден - 6, Қазақстан мен Украинадан үш-үштен, АҚШ, Белорус пен Қырғызстаннан бір-бір спортшы шақырылған. Турнирде Ернар Шымбаев алғашқы сында украиналық Александр Паламарьға 2:7 есебімен есе жіберді. Ресейлік Никита Ливаданы 7:5 есебімен ұтқан қырғызстандық Қаныбек Сағынбаев ертең Александр Паламарьмен шеберлік байқаспақ.

Әуез Елубаев пен ресейлік Сергей Горысловец және тағы бір ресейлік спортшы Илья Киричков пен украиналық Ярослав Тарновецкий арасындағы ойынның жеңімпазы өзара жұп құрайды. Сондай-ақ Қаныбек Сағындықов пен Юрий Пащинский (Ресей) және Ярослав Винокур (Ресей) мен Джонс Дитер (АҚШ) арасындағы жекпе-жекте үздік шыққан екі ойыншы да 5-8 орынға таласуға мүмкіндік алады. Жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын бұл бәсекеде бірінші орынға 11 500, екініш орынға 8 500, 3-4 орынға 6 мыңнан, ал 5-15 орынға 1500 доллардан жүлде беріледі.