Қазан қаласында жүзуден Қазақстанның жастар құрамасының бапкері өлі күйінде табылды

Қазан қаласында жүзуден Қазақстанның жастар құрамасының бапкері Алексей Пономаренко қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Реальное время" интернет-газетіне сілтеме жасап. 

Болжаммен, ол жүрегі ұстап қайтыс болған. 

Бапкердің қайтыс болғанын шәкірттердің бірі білген. Ол 9 желтоқсанда бапкерінің бөлмесіне барған. Пономаренко өз үй-жайына Александр Попов Кубогының марапаттау рәсімінен кейін келген.