«Борттағы «қара жәшіктердің» екеуі де табылды. Оның жай-күйі туралы әзірге ештеңе айта алмаймыз» - деді ол дүйсенбі күні үкіметтік комиссия отырысында.
Т.Анодинаның айтуынша, жәшіктер жуырда сараптамаға беріледі. Апат себептері содан кейін белгілі болмақ. «Олар жуырда біздің Мәскеудегі орталығымызға жеткізіліп, сол жерде зерттеледі», - деді Т.Анодина.