Бірінші кезекте Достастық елдерінің өзара келісілген шекаралық саясаты мен әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын атауға болады. Сонымен бірге Достастықтың сыртқы шебінде дағдарысты ахуалдар туындаған және оларды реттеген жағдайдағы шекаралық және басқа да органдардың ықпалдастығы туралы тұжырымдама бекітілді.
Лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да зорлыққа негізделген көріністерімен күрес саласындағы ынтымақтастық саясатына қол қойылды.
"Саммит барысында біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету - бірлескен іс-қимылдардың стратегиялық бағыты екенін дәлелдедік. Әскери саладағы, лаңкестікке қарсы және трансұлттық қылмыстарға қарсы күрес салаларындағы әріптестік - бүкіл ТМД кеңістігіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Және ол ТМД елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға тікелей әсер етеді",- деді Ресей президенті.