Қазақ әдебиетіне үлес қосқан қаламгерлер марапатталды - Бейжің

 Мұнда жергілікті қазақ қаламгерлерінің проза, поэзиядағы төл туындылары мен қытай-қазақ әдебиетіндегі тың шығармалар, таңдамалы аудармалар бағаланды, деп хабарлайды 24.kz. 

Байқауда бір жыл бойы аз ұлттар тілінде басылып шыққан 107 әдеби шығарма сараланып, қазылар алқасы қазақ басылымынан 5 автордың шығармасын үздік деп таныды. Бас жүлде - 20 мың АҚШ долларын Ерлан Нұржыханұлының «Көлеңке көзіндегі елес» жыр жинағы еншіледі. Ал Айдос Амантайұлының қытайша жазылған «Айдос-Шолпан» романы жас қаламгерлер арасынан үздік шықты.  

«Бұл сыйлық қытай-қазақ әдебиетінің көркейіп келе жатқанын білдіреді әрі болашақта одан әрі дамуына күш береді деп ойлаймын»,-дейді жазушы Айдос Амантайұлы.