Ішкі бағыттағы жаңа маршрут бойынша жолаушыларды Bombardier Q400NextGen авиалайнерлері сәрсенбі және жұма күндері тасымалдайды.
Ұзақтығы 1 сағат 35 минут болатын бір бағыттағы ұшу құны 15597 теңгеден басталады. Бұған әуежайдың шығындары да кіреді.
«Семей әуежайымен әріптестік аясында жолаушылар тарапынан сұраныс туып отырған бағытта маршрут ашуды жөн санадық. Әсіресе, жаз кезінде Алматы-Семей арасында жолаушылар өте көп. Семейліктер де Алматы әуежайы арқылы өзге бағыттарға ұша алады», - деді «QAZAQ AIR» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Блэр Поллок.
Айта кету керек, құрылғанына 1 жыл толған әуе компаниясының ең алғашқы рейсі 28 тамызда Павлодарға ұшқан болатын. Қазір әуе компаниясы Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған, Шымкент қалалары арасындағы ішкі тасымалдау рейстерін орындап жүр.