Ол Астанадағы медициналық университеттің ІІІ курс студенті. Жалпы, байқауға 21 үміткер қатысып, бақ сынаған еді. Үміткерлерге қойылған басты талап ана тілі мен тарихын жетік білуі болатын.
Сондай-ақ сыртқы сұлулық пен ішкі әдеміліктің үйлесімділігі де негізгі қағиданың бірі. Жалпы, бастапқыда байқауға 600-ге жуық ару қатысуға ниет білдірген.
Сайыстың толық нұсқасын көрермендер «Хабар» арнасынан наурыздың 22-сі күні сағат 21:30-да тамашалай алады.