Еліміздің Құрмет Қарауыл ротасы мен «Айбын» Президенттік полкының оркестрі Қызыл алаңда осылай өнер көрсетті. Олар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Абылай хан» маршын және бірнеше музыкалық шығармаларды орындады. Кейін Батырхан Шүкеновтың рухына арнап марқұмның «Солдат любви» әніне бимен қойылым қойды. Жалпы, жылда өтетін әскери фестиваль бұл жолы Мәскеудің туған күніне арналыпты. Оған 14 елдің оркестрі қатысуда. Былтыр осындай фестивальде біздің әскерилер бірінші орын алған болатын. Ал биылғы жүлдегерлер үш күннен кейін анықталады.
Loading...