Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Сотта айтылғандай 37 жастағы Игорь Чуприн 2014 және 2015 жылдары өзінің "Bконтакте" әлеуметтік парақшасында халық арасындағы алауыздықты тудыратын жазбаларды үнемі үздіксіз жариялап отырған. Әсіресе, Петропавлдағы ауылдар мен көше атауларының қазақ тіліне өзгеруіне қарсы болып, "Вконтакте" парақшасында өзіне жақтастар іздеген. Аталмыш жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған.

- Менің "Ояныңдар, референдум" дегені қатты жаныма батты. Мен бұны өзіме ұлттық қауіп ретінде қабылдадым, деді куәгерлердің бірі Данияр Әбжікеев.