Байлардың тізімін украиндықтар бастаған. Одан кейін Ресей олигархтары тұр. Олар Лондоннан құны 2 миллиард еуродан асатын зәулім сарайлар сатып алыпты. Ал үшінші орында – Қазақстан. Қалталы жерлестеріміз бағасы 15-60 миллион еуроның пәтерлерінде тұрады екен. Айта кетсек, Лондонды қазақтың қашқын шенеуніктері әлдеқашан екінші үйіне айналдырған. Англиядан соңғы болып пана тапқандардың ішінде бюджеттің миллиардтарын қалтаға басқан Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен бауыры Аманжан да бар.