Тұңғыш Президент күніне орай өткен халықаралық "Еуразия барысы" турнирінде Қазақстан құрамасы ақтық сында Моңғолия балуандарын 6:2 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы жартылай финалда Грузияны жеңді. Ал Моңғолия құрамасы Украина балуандарын 6:2 есебімен тізе бүктірген еді.
Жалпы жарысқа 8 елден барлығы жүзден аса спортшы қатысты. Бірінші орынға 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге, ал үшінші орын алған Грузия балуандары 4 миллион теңге иеленді.