Қазақ боксшылар Риода құпия жаттығады

«Біздің команда Риодағы алғашқы дайындықтарына жол тартты. Жаттығулар арнайы салынған Athlete's Hall жаңа кешенінде өтеді», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.


Жаттығу сәтін құпия сақтау мақсатында, шаршы алаң арнайы экрандармен қоршалған, деп хабарлады ҰОК.

Айта кету керек, қазақстандық былғары қолғап шеберлері биылғы олимпиадаға тұңғыш рет толық құрамда қатысады.