Қазақ боксшылары 7 алтын еншіледі - Хабаровскідегі халықаралық турнир

командалық есепте бірінші орынға шықты.

Турнир жеңімпазы атанған спортшыларымыз: 56 кг - Қайрат Ералиев, 60 кг - Берік Абдрахманов, 64 кг - Мерей Ақшалов, 69 кг - Бақытжан Қожабеков, 75 кг - Нұрдәулет Жарманов, 81 кг - Әділбек Ниязымбетов, +91 кг - Иван Дычко. Ал 91 келіде жұдырықтасқан Антон Пинчук қола медальді қанағат тұтты.

Айта кетейік, Қазақстан командасы барлық тоғыз салмақ санатында да спортшыларын апарған болатын. Өкінішке орай Біржан Жақыпов пен Ілияс Сүлейменов бастапқы кезеңде жарыс жолынан шығып қалды.

Жалпы турнирге 17 елден 99 спортшы қатысты.