Қазақ боксшылары АҚШ-тағы Мұхаммед Әли орталығына барады

«Қазақстан боксшылары мен жаттықтырушылары америкалық әріптестерімен кездесу және әлеуметтік-бағыттағы бағдарламалар бойынша озық тәжірибені талқылау үшін АҚШ-қа барады. Мұхаммед Әли орталығы Кентукки штатындағы, боксшының туған қаласы - Луисвилде бағдарлама ұйымдастырады»,-деді Елші. 

«Музыка және би: Америка  акапелло музыкалық тобы жергілікті әртістермен қызмет істейді, жастарды тартады және наурыздың аяғында, сәуірдің басында Астанада, Қызылорда мен Алматыда өнер көрсетеді. Одан кейін Астанада, Алматы мен Шымкентте «Island Moving Ballet Company» америкалық труппаның және «Самұрық» қазақстандық қазіргі заманғы би ансамблінің бірлескен концерттері өтеді.

Қазақстандағы бродвей: Aмерикандық хореограф Пол Эмерсон жергілікті әртістермен  жұмыс істеу және Бродвей стилінде мюзикл  қою үшін Астанаға оралады»,-деп хабарлап отыр Елшіліктің баспасөз қызметі.

«Өскеменде өтетін  Қазақстан ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының жыл сайынғы конференциясын өткізуге Құрама Штаттар қолдау көрсетеді, онда жаңа идеяларды талқылау және осы саладағы сарапшылармен әрекет ету үшін еліміздің жүздеген мұғалімдері жиналады.

Қазақстан-АҚШ фестивалі: тамыз айында Алматыда өтеді, фестивальдің бағдарламасына әңгімелер, музыка, фильмдер мен мәдениет кіреді, оларды Америка Бейбітшілік Корпусының бұрынғы волонтерлерін және АҚШ Үкіметі демеушілік еткен  алмасу бағдарламаларының қазақстандық оқу бітірушілерін қоса алғанда, біздің халықтарымыздың арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайтуға көмектескен американдықтар мен қазақстандықтар ұсынады. Іс-шара халық үшін ашық болады.


Ұлттық орфографиялық конкурс: Ағылшын тілін оқыту арқылы жеткен байланыстарды көрсету, бүкіл Қазақстандағы 11 Америкалық бұрыш күзде өтетін ұлттық орфографиялық сайысқа қолдау көрсетеді.

Жаһандық деңсауылық сақтау: АҚШ ауруларды бақылау және болдырмау орталығы Қазақстанда Жаһандық денсаулық қауіпсіздік бағдарламаны бастайды. Бұл бағдарлама жұқпалы аурулардың таратуын болдырмау, аңықтау және қарсы әрекеттерді алу жөніндегі көп-тарапты бастама»,-деп хабарлады баспасөз қызмет.