Қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отыр


Съез барысында Елбасы Н. Назарбаев басқосудың орны айрықша екенін атап өтті. «Бүгін өткен 15 жылдың қорытындысын шығару, болашақ бағдарды айқындау тұрғысынан өзгеше күн. Бұл еліміздің «Қазақстан-2050» стратегиясын қабылдағаннан кейінгі партияның алғашқы басқосуы болып саналады. Біз алыс болашаққа көз тігіп, алдымызға биік межелер белгіледік. Қандай мақсатқа, қай жолмен жеткенімізді нақтылап, оның келешек межелерін жүзеге асыруға кірістік. Еліміздің ертеңгі стратегиясын қалай іске асыратынымызды ойластыруымыз керек. Оны мүлтіксіз жүзеге асыру, қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш «Нұр Отан» партиясына жүктеліп отыр», -деді Мемлекет басшысы.