деп хабарлады Қазақстан Бокс федерациясының ақпараттық порталы.
Шығару салу рәсімі Астана қаласындағы Боксты дамыту орталығынан басталды. Елордаға арнайы келген 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов құрама мүшелеріне ақ жол тіледі. «Біздің боксшыларымыздың жолдары ақ болсын. Лондонда барлықтарыңызға да сәттілік тілеймін. Жеңісті ешкімге де қолдан бермеңіздер. Қасиетті Рамазан айында Алла тағала бізді боксшыларымызда қолдау білдірсін», - деді ол.
Ал «Астана» халықаралық әуежайына спортшыларымызға ақ жол тілеп, шығарып салуға туған-туыстары жиналды.
«Біздің боксшылардың көңіл-күйлері жақсы. Астанадағы қорытынды жиын жоспарлы режімде өтті, барлығының да жекпе-жекке дайындықтары жақсы. Біз сәл ертерек ұшып барамыз әрі Лондонда Олимпиада алдында соңғы жаттығу өткізуге мүмкіндік болады», - деді құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.