Айта кетейік, Балалар құқығын қорғау комитеті 2014 жылы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері» тақырыбында сурет салу конкурсын ұйымдастырған болатын.
Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлеріндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің 200-ден астам суреттері қатыстырылды. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар ретінде Жамбыл облысынан Талипов Дмитрий, Батыс Қазақстан облысынан Муштубаева Эльвира, Қостанай облысынан Сидоров Александр, Астана қаласынан Василенко Раиса анықталды.
Байқау Қазақстан Республикасының Балалар құқығын қорғау туралы конвенцияны ратификациялаудың 20 жылдығымен ұштастырылған.