Қазақ футбол федерациясы Атқару комитетінің шешімімен жаңа маусымда Премьер-лигада өнер көрсететін командалар саны ұлғайды

Бұл Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің 24 желтоқсанда өткен кезекті мәжісінде шешілді.

Енді бұған дейін белгілі болған "Шахтер" (Қарағанды), "Жетісу" (Талдықорған) , "Ақтөбе" (Ақтөбе), "Астана" (Астана) "Ертіс" (Павлодар), "Ордабасы" (Шымкент), "Тобыл" (Қостанай), "Қайсар" (Қызылорда), "Тараз" (Тараз), "Атырау" (Атырау), "Сұнқар» (Қаскелең), "Оқжетпес" (Көшетау) командаларының қатарына Алматының "Қайрат" пен Оралдың "Акжайық" командалары қосылатын болды. Енді олар маусымға бұрынғыдай 23 емес, 25 ойыншыға өтініш ұсына алады. Оның ішінде ойынға 7 легионер ұсынылып, олардың бесеуі бір мезетте алаңға шықпақ.

Жаңа футбол маусымы Премьер-лигада - 11 наурызда, Бірінші лигада - 1 сәуірде басталады. Ал Шымкенттің "Ордабасы мен Қарағандының "Шахтер" командалары арасындағы Суперкубок матчы 6 наурызда өтетін болды.