Қазақ футболына қазақтілді хатшы келді

Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы мәлімдеді.

Ермұхамед Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары "QAZSPORT" арнасының редакторы қыметін атқарған.

2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.

2017-2018 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы "Хабар" агенттігінің спорт бөлімінің продюсері қызметін атқарды.


Федерацияның баспасөз қызметін бұған дейін басқарып келген Тимур Камашев қызметінен кетті.