Енді осы министрлікке қарасты Мәдениет және өнер департаменті директоры кереғар мәлімдеме жасап отыр. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, барлығы жоспарға сай жүріп жатыр екен. Тарихи сериалға бөлінген қаржы да қажетімен жұмсалып, тіпті бірнеше серия түсіріліп қойған. Ал, бұған дейін фильм режиссері жұмыстың тоқтап тұрғанын айтқаны есте. Өйткені, тарихи туындыға бюджеттен бөлінген 1 миллиард теңге дайындық жұмыстарынан артылмай қалған. Сол үшін демеушілер іздестіріліп, сценаристер сюжет желісін қысқартуға мәжбүрміз деп мұңын шаққан еді. Қалай дегенмен, көзі қырағы көрермен тарих желісімен түсіріліп жатқан сериалды жоспар бойынша осы жылдың аяғында тамашалауы тиіс.
Loading...