ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ: Фототілшілер Керей мен Жәнібек ту тіккен жерге барды

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған фотоэкспедиция ұйымдастырылды, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігінен. 

Республикалық және облыстық БАҚ фото тілшілері 550 жыл бұрын Керей мен Жәнібек хандар жаңа мемлекеттің негізін қалаған Шу ауданындағы Жайсаң шатқалын, Рысқұлов ауданындағы Ақыртас сарай кешенін, Мойынқұм ауданының бірқатар тарихи орындарын аралады.


Бұл фотосуреттерді елдің оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерді ресімдеу үшін пайдалануға болады.
Бұдан басқа, Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу салтанаты уақытында фотокөрме өтеді, Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне фотоальбом шығарылады.