Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сериалдың түсірілімі маусымда басталмақ

Әрі сол 15-ші ғасырдың ортасындағы геосаяси жағдай мен іргесі енді қаланған хандыққа төнген қауіп жан-жақты көрсетілмек. Тарихи туындыны түсіруді қолға алған «Қазақфильм» киностудиясы әзірге актерлерді іріктеп жатыр. Сериал режиссерлері – Рүстем Әбдірашев пен Ермек Тұрсынов. Ал, сценарий авторы – белгілі жазушы Смағұл Елубай. Десе де, туынды Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы желісімен маусымнан бастап түсірілмек. Түсірілім жұмыстары Алматы облсысында ғана жүреді. Ал тарихи туындыны көрермен тек осы жылдың аяғында тамашалай алады.

Смағұл Елубай, жазушы, сценарий авторы:

- Қазіргі заманда байқап отырсаңыздар дамыған елдер өзінің тарихын экранға көшірді. Демек, біз тарихымызды экранға көшірмесек, жастарымыз тарихтан мақұрым қалуы мүмкін. Халқымыз мақұрым қалуы мүмкін. Ана ауылдағы ағайын Алматыға келіп, тарихи кітап іздеп жүрмейді ғой. Сондықтан тарихи сериалдың маңызы өте күшті. 

Loading...