Қазақ кілемдеріне Қытай, Гонконг, Англия мемлекеттері қызығып отыр

 Ұмытыла бастаған дәстүрді жандандырғысы келген қолөнер шебері түкті кілем тоқуда әлемге танымал. Республикаға есімі әйгілі Роза Әлбатырова 2012 жылдың сәуірінде қоғамдық кеңес құрып, халықаралық байқауларға қатыса бастады. Былтыр Америкада "USAID" шағын бизнесті дамыту орталығынан жоба ұтып алды. Осы күні оның қолынан шыққан дүниелер Ресей, Қытай, Англия, Гонконг, Қырғызстан және тағы басқа да мемлекеттерде сұранысқа ие.

Кілем тоқумен қатар ол төсек-орын, бау-басқұр, қоржын жасауға ұсыныстар да қабылдайды. Осы жұмыстарды жасауға Роза Әлбатырова арнайы цех ашқан. Онда әзірге ауылдың төрт тұрғыны жұмыспен қамтылған. Ауылда өзінің оншақты шәкірті бар, делінген хабарламада.