Қазақ киноларын интернеттен көру мүмкіндігі туды

Бірақ кейде қазақ кинофильмдерін таба алмай дал боламыз. Жаңа киноленталар былай тұрсын, алтын қорда сақталған кесек дүниелерді табу да қиынға соғады. Қа­зақ киносының шынайы жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық - «Киви» бей­непорталы қазақ фильмдерін бі­ріктіріп, арнайы интернет-кинозалын ашып отыр, деп жазады «Айқын» газетінің тілшісі Әйгерім Досым.

Кинозалда көркем, тарихи һәм де­рек­ті кинофильмдер топтастырылған. Тіпті, анимациялық кинотуынды­лар­мен қатар, қазақ киносының классика­лық үлгілері мен соңғы киноленталарды да табуға болады. Кiwi.kz/kazakhfilm деп аталатын порталдан 23 отандық өнім­ді табуға болады.

Кинотуындыларды оңай іздеп, ер­кін көре аласыз. Қуантарлығы, әрбір киносеанс үшін ақы төленбейді. Бола­шақта мұрағат қоры толықтырылады. Тағы бір қуантарлық жайт, отандық кинотуындыларды тек қазақстандық киномандар ғана емес, шетелде тұра­тын қандастарымыз да тамашалай алады. Аталмыш жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен қазақстандық ин­тер­нетті һәм ресурстарды дамыту ассо­циациясының мұрындық болуы­мен жүзеге асырылып отыр. Ал «Киви» ре­сурсы - жобаның негізгі әріптесі.