Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қазақ киносын б@ққа батырған уродтар", - деп жазды журналист.
Ол сондай-ақ актер Әбунасыр Серіковке емтихан кезінде көмектескенін, "көмектеспеу керек еді" деп пікір білдірді.
"1989 жылы Жүргеновке оқуға түсерде анау тұрған памперс киген боратқа шығарманы мен жазып берген едім. Ол кезде Жүргеновке оқуға түсу үшін абитуриенттер ең алдымен допуск алатын, сосын үш түрлі емтихан тапсыратын: мамандық бойынша (спец: өлең оқу, қарасөз оқу, би билеу, этюд, теориялық сұрақтарға жауап беру, әңгімелесу), одан өткендер шығарма жазатын. Үшінші емтихан - тарих пәнінен. Шығармаға 2-3 сағат уақыт беріледі. Сол уақытта өзіме еркін тақырыпты таңдап, зырылдатып жазып тастадым. Қасымда отырған памперстегі абитуриентке қарасам, қағазы тап-таза, түртпеген ғой. Басын қасып отыр. (Ол кезде памперсі жоқ, алжымаған, әп-әдемі жігіт еді). Шығарма жазып беруімді өтінді. Еркін тақырыпқа жазсам, өзімдікімен бірдей боп қалар деп, оқу бағдарламасы бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдадым. Ұмытпасам, "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" тақырыбына жазып бергем... Сол кезде жазып бермеуім керек еді", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.