Экшн жанрында түсірілген фильмнің идеясын да мэтрдің өзі ұсынған. Картина тұсаукесері үстіміздегі жылдың қаңтар айында елордада өткен. Көрермен оң қабылдаған бұл лентаны сырбойылықтар да жылы қабылдады. Картина «Атаманның ақыры» және «Транссібір экспресі» картиналарының жанрына ұқсағанымен, оларды қайталамайды.
Фильмде әлемді алаңдатып отырған нашақорлық пен наркобизнесті кәсіп көзіне айналдырған адамдардың пендеуи тірліктері баян етіледі. Аталмыш фильмнің режиссері Қуат Ахметов осы картина арқылы адамзатты отансүйгіштікке, патриотизмге шақырады. Кездесуде Асанәлі Әшімов түсіру алаңында болған оқиғаларға кеңінен тоқталды. Ол шытырман оқиғалы фильмдегі трюктарды өзі жасағанын айтты.