Қазақ күресінен Бразилияда өтіп жатқан І Әлем чемпионатында қазақстандықтар 3 алтын олжалады


Онда Қазақстан құрамасы 60, 70 және 90 келіден жоғарғы салмақ дәрежелері бойынша 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді. Атап айтқанда 60 келіде Бекарыс Ғайнолла Әлем чемпионы, Бекболат Әбдіғазиев күміс, Данияр Темірханов қола жүлдегер атанды. Ал 70 келіде Қасымхан Түленбай алтын, Дәулет Ниетбай күміс, Райымбек Ранаев қола медаль иеленді. Ал аса ауыр салмақта Еламан Қойшыбаев бірінші, Жолдасбек Бектұрсынов 3-орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер елге 26 сәуір күні оралады.