«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа елу елдің балуаны келеді деп жоспарланған. Шетелдік спортшылардан бөлек, беделді біріншілікке Қазақстанның ең мықты төрт балуаны қатысады.
Айта кетейік, осыған орай 22 тамыздан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Жиын қорытындысы бойынша «Әлем Барысында» Қазақстан намысын қорғайтын балуандар анықталады. Бас жаттықтырушы Ерлан Естектің жетекшілігімен өткізіліп жатқан жиында Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов және тағы басқа белгілі балуандар бар.