Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды

Таныстырылған форма қазақ күресінен Ұлттық құраманың алғашқы толық киім-кешегі. Топтамада спорттық костюм, аяқ киім, күртеше және сөмке сынды өзге де керек жабдықтар бар.

Әлем чемпионатында ел намысын 9 спортшы қорғамақ.

«Әлем чемпионатында 40 мемлекеттен келетін 167 спортшы бақ сынайды. Олардың арасында әлем чемпиондары, Еуропа мен Азия, Панамерика жеңімпаздары бар. Сайыс 8 салмақ санатында және абсолюттік салмақ категориясында өтеді", - деп атап өтті Қ.Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақ күресінен әлем біріншілігі 28-29 қазан күндері Астанадағы "Барыс-Арена" мұз сарайында өтеді. Салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығында 27 қазанға жоспарланған.