Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.
9 күн ішінде Астана тұрғындары мен қонақтардың назарына 4 опера және 4 балет спектакльдері ұсынылады. Олар - А.Жұбанов пен Л.Хамидидің - «Абай», Дж.Вердидің - «Травиата», Р.Вагнердің - «Тангейзер», Г.Доницеттидің «Любовный напиток» опералары және А. Серкебаевтың - «Тілеп пен Сарықыз», А.Хачатурянның - «Спартак», С.Прокофьевтың «Ромео мен Джульетта» балеттері.
Гастрольдің соңында театр репертуарындағы опера және балеттердің ең үздік сахналарынан құрылған гала-концерт өтеді.