Концерттер Джамшед Баба/Тата театрында өтеді. Қазақ әртістері ТМД елдері әншілері арасында өткен байқауда іріктеліп, шақыруға ие болды. Капелла осы шараға арнайы 3 шығарма дайындады. Олар - Леонкаваллоның «Паяцы», П. Масканидің «Сельская честь», Карл Орфтың «Кармина Бурана» шығармалары.
Капелланы аталған фестивальға дайындау мақсатында Италиядан арнайы шақырылған белгілі музыкант Диего Мингола шеберлік сабақтарын өткізді. Мумбайда өтетін фестивальға қазақстандықтардан басқа бірнеше шетелдік әртістер қатысады.