Қазақ мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры кезекті 86-маусымын ашты


«Олар енді өздерінің жаңа бейнелерін жасайтын болады. Мәселен Зарина Карменова 26 қазанда премьерасы болатын Серік Асылбекұлының «Империядағы кешінде» дебют жасап жатыр. Біздің театрдың көптеген әртістері Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының 3-курсында оқып жүріп театрға араласқан еді. Биыл да бұл үрдіс өз жалғасын тауып, 3-4 жас өскін труппаға қосылып отыр», - дейді театрдың директоры және көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев. Оның айтуынша, өнер ұжымы биыл жыл соңына дейін өз репертуарын тағы 2 қойылыммен толықтырмақ. Олар қараша айында таныстырылымы болатын Исрайыл Сапарбайдың «Қыз мұңы» драмасы мен желтоқсан айында қайта сахналанғалы отырған М. Әуезовтың «Қилы заман» пьессасы.