Қазақ миллиардерлерінің тізімін Болат Өтемұратов бастап тұр

Байлардың көш басында Болат Өтемұратов тұр. Негізгі пайдасын кәсіпкерліктен табатын ол еліміздің Теннис федерациясын да басқарады. Бүгінде оның байлығы шамамен 2 миллиард 600 миллион долларға жетіп, былтырғы көрсеткіштен 400 миллион долларға артқан. Екінші орында – Алижан Ибрагимов. «ENRC» компаниясының акционері әрі «Еуразиялық банк» басшысының қазіргі байлығы 2 миллиард 200 миллион доллар. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 500 миллион долларға артық. Еліміздегі миллиардерлердің үздік үштігіне Құлыбаевтар отбасы. Тимур мен оның жары Динараның әрқайсысының қаржысы 2 миллиард 100 миллион долларға жетіпті. «Форбс» журналының тізіміне кірген бесінші қазақстандық – Владимир Ким. Мыс магнатының байлығы 1 миллиард 800 миллионды құрайды. 

Loading...