Қазақ олигархтарының Швейцария банкіне тыққан ақшалары анықталды

Тізімде аты аталған Марғұлан Сейсембаев 90-шы жылдардан бизнеспен айналысып, «Сеймар» корпорациясының негізін қалаған. 2009 жылы «Альянс Банкте» директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған тұста ақша жымқырды деп айып тағылғаны есте. Бір жыл шетелде жасырынып жүрген Сейсембаев елге оралған соң тек шартты түрде екі жылға сотталған болатын. Қазір Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының басшысы. «Irish Times-та» аты аталған екінші қазақстандық – мұнай магнаты Тимур Қуанышев. Кезінде осы миллионер өзінің үйлену тойына Уильям ханзаданы шақырған. «Forbes» журналының есебі бойынша, ерлі-зайыпты Тимур мен Әлфия Қуанышевтар Қазақстанның ең бай 50 азаматының тізіміне кіреді. 

Loading...