Қазақ өнері тұманды Альбионды бағындыруда

Қазақстан үшін бұл - ерекше оқиға. Әлемге әйгілі аукцион үйінің 230 жылдық тарихында алғаш рет сатылымға қазақ шеберлерінің туындылары шығарылды.

Рысбек Ахметовтің «Дала әуені» атты саздан жасалған мүсіні алпысыншы жылдардағы өнер иесінің ең тамаша жұмыстарының бірі. Ахметовтің мүсіндерін Третьяков галереясынан, Қастеев мұражайынан және жеке топтамалардан табуға болады. «Дала әуені» белгісіз коллекция жиюшыға бес мың фунтқа сатылды. Басқа екі жұмыс жиырмасыншы ғасырдағы қазақстандық белгілі суретшілердің бірі Евгений Сидоркиннің жұмысы. Суреттердің әрқайсысы екі жарым мың фунтқа сатылды.

Christies өнертанушысы Меруерт Қалиеваның айтуынша, «тарихта алғаш рет аукцион үйі ең біріншіден мүлдем белгісіз суретшілердің жұмыстарын қабылдады, екіншіден Christies үшін де, қазақ өнері үшін де жаңашыл құбылыс болып отырған аукционда сатылым тарихы жоқ суретшілердің жұмысын қабылдады. Және де олардың өте жақсы бағаға сатылуы тамаша жетістік».

Christies Орыс бөлімінің менеджері Алексей Ашот Қазақстан үшін осындай деңгейдегі аукционға қатысудың өзі маңызды факт деп атап өтті. Оның айтуынша, Christies өте кертарпта аукцион үйі және белгісіз авторлармен жұмыс істемейді.

Ұлыбритандиядағы қазақ өнеріне деген қызығушылық осы жылдың қыркүйек айында Лондонда өткен Қастеев мұражайындағы жұмыстар көрмесінен кейін пайда бола бастаған. Дәл сол кезде отандастарымыздың жұмысы батыстық өнер сүйерлердің көзіне түскен. Олардың қызығушылығының артқаны сондай Christies мамандарының айтуынша, осындай алғашқы қадамға барған.

Christies аукционындағы қазақ өнерінің алғашқы тәжірибесі сәтті өтті. Барлық жұмыстар аталған бағаларынан екі есе артық құнға сатылды.