1938 жылы туған өнер иесі еңбек жолының жартысын театр саласына арнаған. “Ақан сері”, “Абылай хан”, “Сырым Датұлы” спектакльдерінде басты рөлдерді ойнап көзі қарақты көрерменнің ықыласына бөленді. Кинотуындыларда да Қарғамбай Сатаевтың есімі алтын әріптермен жазылған. Ол “Батыр Баян”, “Ақ үй”, “Крик” фильмдерінде шеберлігімен көзге түсті. Аталмыш шығармалардың барлығы қазір тарихи құндылық боп табылады және кино саласының алтын қорында сақталған. Кино және театр саласында өзіндік сара жол салған ақсақал мемлекеттік сыйлықтың да иегері.