Қазақ қайда бара жатыр?

«Кітаптың алғашқы басылымы 2001 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген еді. Енді ол 12 жылдан кейін жаңартылып, толықтырылып қайта шығып отыр. Онда «Сарыарқа» газетін ұйымдастыршылардың бірі және Алаш партиясының белсенді мүшесі болған қазақты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Райымжан Мәрсековтің туындыларыларыман бірге оның қоғамдық-саяси өмір жолдарын ашатын құжаттық материалдар топтастырылған», - дейді құрастырушы, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова.


Оның айтуынша, соңғы кезде табылған және айналымға түспеген деректі құжаттар енген бұл кітапта Р. Мәрсековтің өмірінің кейбір құпия тұстары ашылған. Дегенмен, оның қандай жағдайда қайтыс болғаны әлі күнге дейін белгісіз болып қалып отыр.