Қазақ қоғамы боксерді қоразбен байланыстырғанын қалаймын - Ахметбек Нұрсила

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен қазақ қоғамының
-әншілерді - шегіртке,
-боксер, ережесіз жекпе-жекке шығатындарды - қораз,
-шоумен, юмористтерді - маймыл

образымен байланыстырып, ассоциация жасап тастағанын қалаймын.

Сол кезде, бала әнші боламын десе,
-“шегіртке” боласың ба дейтіндей,
= боксер болам десе “қораз” сияқты ел алдына шығып төбелеспексің бе,
-юморист болам десе, онда “маймыл” болғаның ғой
деп айтқызғым келеді.

Сонда ғана осы мамандықтардың осылай деңгейін түсіріп тастасақ, қазақ балалары ғылым-біліммен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен айналысып, еліміз көркейе түсер еді.


Осыған барша саналы қазақ үлес қосса деймін", -деді  Ахметбек Нұрсила.