Қазақ қыздары әлеуметтік желіде жыныстық қатынасқа түскен өз видеоларын сата бастады

Друг Вокруг әлеуметтік желісінде қазақ қыздары белгілі бір мөлшердегі телефон бірлігіне жалаңаш суреттерін сата бастады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Жас қыздар өздерінің құлын мүсінін барынша тартымды етіп суретке түсіріп, бірнешеуін қызықтыру үшін желіге жүктейді және қасына телефон номерлерін жазып қояды. Көпшілігі тек WhatsApp желісі арқылы ғана сөйлесетінін ескертіп қояды. Ал телефонға бірлік салса одан да көз тарталық жалаңаш суреттерін жіберуге уәде береді. Осылайша жас қыздар тәнін саудалау арқылы ақша табудың өзгеше әдісін тауып алған.

Мәслен Сабина есімді мына қыз 500 бірлікке неше түрлі суреттерін сататынын жазған.

Ең сорақы 500 бірлікке жыныстық қатынасқа түскен видеоларын да саудалайтындары бар. Олар өздеріне тек жұмыспен ғана хабарласуды және ерігіп босқа жазбауды өтінеді. Ал видеодағы жыныстық қатынасқа түскен бойжеткендердің нақ өздері екенін сендіруге тырысады. Бірақ олар интим видео сатумен ғана шектелетінін және жеке кездесуді ұсынып әуре болмаудың қажеттігін де ескертеді.

 
Мысалы  мына қыздар 500 бірлікке үш  бейнекөрініс жіберетінін ұсынған. Әр қайсысы 20 минуттан болатын үш бейнекөрініс. Алдау жоқ, депті.
 

Қазір әлеуметтік желіні көпшілік нағыз жезөкшелік ордасына айналдырып алғаны жасырын емес. Кейбірі интимдік қызмет көрсететінін ашық жарнамалап жатса, бірқатар қыздар массаж жасауды ұсынады. Бірақ сөйлесе келе олар да интимдік қызмет көрсететінін әрі бағасын да айтады.

Дегенмен тілдескендердің бірі  мұнда өз видеоларын сатып жүргендердің кейбірі жалған парақша ашып бір күндік бірліккті ғана ойлап жүрген мектеп жасындағы қыздар дегенді айтады. Әйтседе тұрақты сатумен айналысатындар нөмірге келіп түскен бірлікті ақшаға аударудың жолын біледі екен.

Аталған желіде жігіт іздеген жігіттер де молынан кезігеді. Гейлер өз теңін табу үшін еш қымсынбайды да. Көгілдірлерге әлеуметтік желі қажеттілігін қанағаттандырудың әрі жұбын табудың ең қауіпсіз амалы.

Жыныстық қатынасқа түскен өз видеолары мен суреттерін сататын қыздар өзге де әлеуметтік желілерде жетіп артылды.