Қазақ қыздары ақша үшін Қытай байларының қойнына жатып жүр

Бұл үшін, әрине, олар ақы төлейді. Сондай-ақ, Қытайдың бай әйелдері де қазақстандық жігіттерді ақшаға сатып алуға құмар екен, деп жазады «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Қытайдағы қазақ студенті Нұржан Барлыбаев айтып берген. Оның осы елдегі Сиань қаласында оқып жүргеніне үш жылдан асқан. Ал мұндағы қазақ жігіттері мен қыздарының қылығы туралы ол таныстарынан естіген. Олар мол ақшаны қалай табатынын айтып мақтаныпты.

«Сианьда көңіл көтеруге арналған керемет жерлер көп. Солардың арнайы бөлмелері бар. Онда көңіл көтеру орнының әкімшілері Қытайдың бай-бағландарына қыздар әкеп береді. Үлкен кісілер түрі еуропалық қыздар мен көзі үлкен қазақ бойжеткендерін ұнатады. Қазақстаннан барған студент қыздардың көбі сонда жұмыс істейді» дейді Нұржан.

Оның айтуынша, Қытайдың еркектері алдымен олармен жәй уақыт өткізеді. Яғни ішіп-жеп, тойлайды. Егер қазақ қызы қытайша сөйлей алса, оның құны жоғары екен. Ал көңіл көтеріп болғаннан кейін қосымша ақша төлеп, қызды өзімен алып кете алады.


Мұндай қызмет көрсетуден қазақ жігіттері де тартынбайды. Олар да осындай жолмен мол ақша тапқысы келеді.

Нұржан Барлыбаев әңгімесін: «Жерлестеріме қарным ашады. Олар қытайға бай-бағландарға қызмет көрсету үшін емес, оқу үшін келді ғой. Мен бір ақыл айтқым кеп тұрған жоқ. Бірақ қазақстандық жастарды шетелде өздерін лайықты ұстауға шақырамын. Қазақстанды масқара етпесін» деп аяқтаған.